Фурманово орта мектебінің
2017-2018 оқу жылының
1 жартыжылдығының
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша
Жұмыс талдауы
"Рухани жанғыру" бағдарламасы туған жерге деген сүйіспеншілікті айқындайтын, оның мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін
анықтайтын патриоттық бағыт. Біздің Республикамыз өркендеген, бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, біз өскелең жас ұрпаққа - тарихи дәстүрлерге, мәдениетке, туған жерге, рухани мәдениетке деген құрметке үйретуіміз қажет .
Оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрлеріне тәрбиелеу мақсатында мектепте келесі іс-шаралар өткізілді.
Оқу жылы дәстүр патриотизм сабағын өткізуден басталады. Осы жылы "Мен – өз елімнің патриотымын" тақырыбы болды.
Бағдарламаны іске асыру бойынша мектеп кітапханашысы өлкетану мазмұнының әдебиетін таныту бойынша іс-шаралар
өткізеді, өлкетану кітабына, қазақстандық авторлардың шығармаларына деген қызығушылықтарын арттырады.
Өз туған өлкесінің тарихын зерттеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, біздің мектебіміздің құрылу тарихы туралы, алғашқы ұстаздар және осы күнге дейінгі шәкірттер турлы материалдар жинау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Барлық жұмыс слайд түрінде рәсімделген. Біздің ауылымыздың ҰОС ардагерлері туралы альбом жсау жұмысын жүргіземіз. Барлық жиналған материал мектеп кітапханасында сақталады.
11-21 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған тілдер онкүндігі өткізілді.
Оқушылардың тілдер туралы білімін кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың сауаттылығын арттыруға ықпал ету –
мақсатында;
- танымдық қызығушылығын, орыс тілі, қазақ тілі пәндері бойынша ой-өрісін кеңейту қажеттілігін және білімді тереңдетуді дамыту;
- өз ана тілі үшін мқтанышын тәрбиелеу, оны сақтай қажеттілігі.
« Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» онкүндігіне арналған жиынында оқушылар іс-шараны өткізу жоспарымен таныстырылды, іс шаралар жоспары мұғалімдер бөлмесінде және хабарландыру стендында ілінді.
1-4 сыныптар аралығында Отан тақырыбында, өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауы өткізілді, байқау барысында таланттары, көркем сөз оқу шеберлері айқындалды, олар Варкентин Махир 4 сынып оқушысы, Домбрава Янна және Потехина Алиса 3 сынып оқушылары..
18 қыркүйекте барлық сыныптарда бір тақырыпта сынып сағаты өткізілді: «Мемлекеттік тіл – елімнің ертеңі»
Бастауыш сыны оқушылары арасында«Бір шаңырақ астында» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.
4 сынып оқушылары ертегі көрсетті, өз күштерімен сахнаны безендірді.
3 сынып оқушысы байды алдап кеткен, Алдар көсе ертегісін көрсетті.
Дене тәрбиесі мұғалімдері үзілістер кезінде Қазақстан халқының ойындарын өткізді.
1-6 сыныптар аралығында ән айту байқауы өткізілді. 1 сынып оқушылары «Дружба» әнімен бірінші орынға ие болды, 4 сынып оқушылары «Друзья» әнімен 2 – ші орынға ие болды.
Мектеп кітапханашысы кітаптар көрмесін ұйымдастырды: «Қазақ тілі - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», бастауыш сынып оқушыларына әңгімелесулер өткізді.
1 қазанда Халықаралық қарттар күні мерекеленеді.
30 қарашада Бірінші Президент күніне арналған сынып сағаты өткізілді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні бүкіл әлемде мемлекеттіліктің негізін нышандайтын басты мерекелердің бірі.
2 желтоқсанда әр сыныптарда отансүйгіштікті тәрбиелеуге, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, мемлекеттің рәміздерін білуге бағытталған «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағыт өткізілді.