Текст
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
30 минут |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері |
Тегін |
7 |
Жұмыс уақыты |
1) ҚР Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;2) www.egov.kz порталында орналастырылған |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
- портал арқылы:1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде)1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);2) талон; |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы2) Өтініш беру мерзімі осы ережелерде белгіленген мерзімге сәйкес келмейді |
|
|