«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Бірсуат  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирсуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпарат

Қамқоршылық кеңестің өткізілген отырысы туралы ақпарат
Білім бөлімінің Бірсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі "КММ»

Хат негізінде Ақмола облысының білім басқармасы
"Білім бөлімінің Бірсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 10.03.2021 жылы ватсап арқылы қашықтықтан онлайн режимінде Қамқоршылық кеңес отырысы өткізілді, онда мектеп директоры Р.Е. Аманжол 2020-2021 оқу жылына арналған "Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Бірсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ – де білім беру ұйымының қызметі және сапалы білім беру қызметін ұсыну туралы тыңдады. Мектеп мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»
3. "Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»
4. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"»
5. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»
6. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
Барлық мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 24-бабы негізінде тегін көрсетіледі
2020 жылы Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Бірсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 4 Мемлекеттік қызмет түрі бойынша 27 қызмет көрсетті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы-1, ЭҮП арқылы-26;
Жүргізілген талдау негізінде 2020 жылы Бірсуат ауылының жалпы білім беретін мектебінде сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер– "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" -13;
2020 жылдан бастап 2021 жылдың ағымдағы уақытына дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Сондай-ақ, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. А. Кайкина тыңдаушыларды "Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын жеңілдету туралы" Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 09 наурыздағы № 12 қаулысымен таныстырды


Мектеп директоры: Р. Аманжол

Жаңартылған күні: 12.03.2021 11:25
Құрылған күні: 22.04.2021 13:31

Текст