Ақпарат
2-4сыныптар арасында « Жол Жүру Ережесі» атты іс-шара өткізілді.
«Жол жүру ережесін әр-қайсысы білуі қажет»
Жол жүру ережесіне арналған іс-шаралар бастауыш сыныптары арасында өткізілді. Мақсаты жол жүру ережесінің тәртібімен таныстыру және балалар білімдерін кеңейту.
Балаларды әрдайым жолда кездесетін жол жүру ережесі белгілерін айыра білуге үйрету. Оқушыларды көшедегі қауіпсіздікке баулу,жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу.
3сынып мұғалімі Пешкова.М.А «Жол Жүру Ережесі ойыны»атты презентация өткізді,балалар жол белгілерін ойын түрінде қайталады.
4сынып мұғалімі Шумлянский.К.Н «Жол белгілері еліне саяхат» атты ойын өткізді. Ойынға 2 топ қатысты.
Іс-шарада күнделікті кездесетін қажетті ақпараттар болды.
2 сынып мұғалімі Гараева.Л.М «Бауырсақ» ертегісін жаңа түрде көрсетті. 2сынып оқушылары бауырсақты жол жүру ережесіне үйретті. Өткізілген іс-шаралар оқушылардың логикалық қабілетін арттыру ,тәрбиелік мәнінжетілдіру,алған білімдерін күнделікті қолдана білу. Онкүндік қорытындысында белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.