Өткізілген іс-шаралар
Зияткерлік ойын 7-9 сыныптар "Математикалық дәмхана"
Белгілі математикалық білім жалпы мәдениетті қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың ой-санасына ықпал етеді.Эстетикалық тәрбиелеу баланы түсінуге, оларға сұлулық пен үйлесімділік қоршаған әлемді тануға дамытады. Оның қиялын және аналитикалық және логикалық ойлауға ұмтылдырады, шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазіргі кезеңдегі мектептегі білім беру ерекше маңызға ие болуда.
Бұл баланың мәдениетін дамытуға, ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын қалыптастыруға, жағымды тұлғалық мәнін арттыруға, оқушылардың сыныптан тыс іс-шараға қатысуға, логикалық тапсырмаларды орындауға
дағдыландырады.
2017жылдың 15 желтоқсан күні Фурманов орта мектебінде 7-9 сыныптар үшін математикалық сыныптан тыс Интеллектуалдық ойын "Математикалық кафе"іс шарасы өткізілді.
Мақсаты:
• математика пәніне қызығушылығын арттыру
• ой-өрісін кеңейту және зияткерлік белсенділігін арттыру
Ойын барысында Кенжегулова Мая Камальчановна тәжірибесімен бөлісті: қалай іс-шараны қызықты, мазмұнды
және тиімді өткізілуі туралы айтты. Атап өтетін тағы бір мәселе, сыныпта мерекелік атмосфера құрылып, жарыс эмоциялық сипатта өтті. Бұл жарыстағы командалар "Х" және "У" болып екіге бөлінді. Келген қонақтар Туякова Н.М, Жарлыгасова. М., Кайкина А. А. Тұяқова, С. Қ., Қабылова А. С. Бұл сыныптан тыс сабақта мұғалім математика – ғажайып ғылым және ол онымен айналысуға да қызықты әрі тартымды екенін атап өтті.
Іс-шара бойы Кенжегулова М. К. баяндауды слайд түрінде көрсетті. Оқушылар сұраққа барынша тез жауап берді. Оқушылар іс-шарада: бақылаушылық, логикалық ойлау қабілетін командада тез жұмыс істеу керектігін меңгерді. Іс-шара соңында рефлексия болып, әрбір қатысушының белсенділігін ойлау қабілетін арттырды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді.
Олардың қызығушылық сезімін оятады, белсенділікті дамытады, бастамаға және шығармашылыққа жетелейді.
Дайындау және өткізу барысында мұғалімдердің оқушыларына белсене көмек көрсетуі олардың қарым - қатынасын нығайта түсірді. Оқушы тұлға ретінде жеке басын куәләндырады. Оқушы іс-шара барысында басынан өткен әсерлі эмоцияларды , қызықты сәттерді жадына сақтайды да сол арнаға қайтадан оралуды көздейді. Осы арқылы пәнге деген қызығушылығы артады.