«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Бірсуат  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирсуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.01.2018

16 желтоқсан бүкіл әлемде мемлекеттіліктің негізін нышандайтын ең басты мерекелердің бірі  ретінде мерекеленеді.

Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттік егемендік туралы идеялардың бейнесі ретінде тарихқа енді. Осы  күннің маңыздылығы ол Қазақстан халқының бірлігін  сезімін күшейтеді және нығайтады.Жыл сайын желтоқсан айында  қалыптасқан дәстүр

бойынша Қазақстанның барлық көпұлтты халқы осы басты мерекені салтанатты түрде атап өтеді.Біздің мектебімізде өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне, жоғары патриоттық санасын, өз елі үшін мақсатныш сезімін қалыптастыруға ерекше мән

беріледі.Осылайша, мектепте ҚР Тәуелсіздік күніне арналған  жоспар құрылды  және қазақстандық патриотизмге

тәрбиелеуге  бағытталған іс шаралар өткізілді.

Осы іс шараның мақсаттары және міндеттері:

-  Оқушылардың, тарихи маңызы бар күндердің негізінде шындықтың  оқиғалары мен құбылыстарын ұғынуға  қабілеттерін дамыту

Жалпыадамзаттық адамгершілік принциптерін бекіту Оқушылардың өз Отанының тағдырына деген жауапкершілік  сезімін, өз халқына, өз

Отанына деген мақтанышын тәрбиелеу.Мектептің кітапханашысы А.Б. Султанбекова «Тәуелсіздік шыңдары» кітаптар көрмесін ұйымдастырды. 2 желтоқсанда әр сыныпта патриотизмді тәрбиелеуге,біздің еліміздің тарихын және мәдениетін құрметтеуге, мемлекеттік рәміздерді білуге  бағытталған «Менің Отаным - Қазақстан» сынып сағаты өткізілді. 

1-4 сыныптар арасында «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» суреттер байқауы, 5-9 сыныптар расында «Менің жерім-Қазақстан» плакаттар

байқауы өткізілді.

Оқушылар өз суреттерінде туған өлкеге деген махаббаттарын, өз отанына деген мақтаныштарын бейнелеген, Қазақстан табиғатының

әсемдігін және ұлылығын жарқын – ашық түстерде көрсеткен.

Интеллектуалдық-тарихи ойын есте қаларлықтай болды.

«Ең үздік тарих білгірі» тарих пәнінің мұғалімі И.С. Бекова өткізді. Осындай іс шаралар – Отанға деген махабатты қалыптастырады, мәдениетке, тарихи өткен жағдайларға  құрметті және қызығушылықты қалыптастырады, білімдерін толықтырады, ортақ

қызығушылықтарды дамытады, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын жандандырады.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.В. Пешков оқушылар және мұғалімдер арасында волейбол бойынша жарыстар ұйымдастырды. Мұғалімдер командасы жеңіске жетті.

Осы күні Қазақстан туралы видео көрсетілді. Мақсаты: балалардың патриоттық сезімін, Отанға деген махаббаттарын ояту, достыққа және

бірлікке ұмтылу.Қорытынды іс-шара болып 16 желтоқсанда МҮ «Туған елім-Тәуелсіз Қазақстан» атты концерті өткізілді. Мереке қонақтары «Қамажай», «Пиала», «Қаражорға» және т.б. әдемі би композицияларын тамашалады. Мұғалімдердің  қатысуымен  театрлық қойылымдар пайдаланылды. Оқушылар ән айтты, 2 сынып - «Менің Қазақстаным», 3 сынып - «Здравствуй столица», 4 сынып – «Мен қазақпын», «Мықты адамдар» Бегимова З., Рахметова Ж. Мерекенің соңында қатысушылар «Соғыссыз әлемде» әнін айтты. Барлық іс-шара бойы ұстаздар мен оқушылар әріптестер болды. Көрермендердің қол шапалақтаулары және пікірлері бойынша осы іс-шара

жоспарланған мақсатқа жетті деуге болады. Мұғалімдер және балалар үшін осы онкүндік ұмытылмас әсер қалдырды.Әндерден, билерден Отанға деген сүйіспеншілікті, оның жетістіктеріне деген мақтанышты, керемет болашаққа деген сенімін көруге болады. Іс- шараның бағыты – оқушылардың оқу қызметін арттыру, өмірін және өз-өзін тануға, сондай-ақ  өзіндік тәртібін және өзін-өзі ұйымдастырушылығын арттыру.Оқушылар қиялын, дарындылығын, шығармашылығын көрсете білді және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін көрсетті.

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст