29 желтоқсанда 0-4 сыныптар және «Родничок» шағын орталығының балалры арасында «Жаңа жылдық ертегі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Тақырып Жаңа жылды өткізу дәстүрімен байланысты, өйткені адамдардың көпшілігі үшін – бұл жеке тұлға ретінде қалыптасуға маңызды рөл атқаратын, дәстүрлері мен оқиғаларға толы отбасылық мереке.
Музыкалық қойылым екі көріністе: оқушылардың музыкалық-шығармашылық қызметінің үрдісінде барлық әмбебап оқу іс-әрекетінің түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, шырша қасындағы музыкалық-ойын бағдарламасы және залдағы спектакль.
Сонымен қатар, басты адами құндылықтарды ашатын және сақтайтын, ерекше мәдениет саласы ретінде музыка өнерін түсіну,оқушылардың тұлғалық құзыреттерінің дамуына баса назар аударуға мүмкіндік береді.Бұл, кіші мектеп жасындағы балаларға арналған жаңа жылдық салт дәстүрлерді және әдет ғұрыптарды көрсетудің оңтайлы тәсілі.
Іс шараның тақырыбына сәйкес оның мақсаттары және міндеттері қалыптасқан.
Іс шараның мақсаты: Жаңа жылды тойлаудың салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары туралы көзқарастарын кеңейту үшін қолайлы жағдай жасау. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға көркем шығармашылық нөмірлерін дайындап көп тәтті
сыйлықтар алды.Барлығы әдемі карнавалды костюмдарда болды. Қойылым соңында Аяз
атамен Ақшақар барлық балаларға тәтті сыйлықтарын берді. (сыйлықтарды ТОО И-Астана дайындады) – және олар 1 жылдан кейін келуге уәде берді. Балалар қуанышты және риза болды!
Кешке 5-9 сынып оқушылары үшін «Новый год и наоборот» атты іс-шарасы өткізілді. Осы келе жатқан Жаңа жылға
оқушылар алдын ала дайындалды. 8 сынып оқушылары сценарийге жауапты болды.
Барлық балалар мерекеге дайындалуға қатысты.
8 сынып – сценарий дайындады, ойындар ұйымдастыры, шыршаны айналды және т.б.
9 сынып – залды безендірді.
7 сынып – фоены безендірді
5-9 сынып оқушылары өз кабинеттерін безендірді және плакаттарға сурет салды.
Балалар жаңа жылдық қойылым көрсетті, онда әр оқушы өз рөлдерін жақсы орындады. Оқушылар өз
қолдарымен жасалған костюмдарымен қатысып өз актерлік шеберліктерін танытты. Қойылым мазмұны бойынша өте әсерлі және қызықты өтті. Барлық көрермендер ойындарға қатысып, шыршаны айналды. Көрермендер және актерлер риза болды!
Іс-шараның соңында - дискотека